«Nur otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері катонқарағай ауданына барды

«Nur otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері катонқарағай ауданына барды

«Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі Д. Жүсуповтың басшылығымен, «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының инспекторлары В. Есильбаева мен Е.Жұмағұлов және облыстық мәслихат депутаты, «Шығыс – Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахытқызы Катонқарағай ауданына жұмыс сапары аясында «Катонқарағай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Ашық әкімдік» қызметімен танысты.

Аудан әкімі Ділдар Қалиқан «Ашық әкімдіктегі» дербес бөлімдердің жауапты мамандары келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар мен құрылыс, жол сынды мәселелері бойынша кеңес беріп, қызмет көрсететінін атап өтті.

Сонымен қатар, аудан басшысы жеке қабылдау кезінде тұрғындар жиі жүгінетін мәселелер туралы айтты.

Аталған жұмыс тобы Үлкен Нарын ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 30 пәтерлі  үйдің, «Бір қабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы аясында салынған 10 екі пәтерлі  тұрғын үйлердің және бассейннің  құрылысымен танысты.