Ағымдағы жылдың тамыз айында аудан әкімі Ділдар Қалиқанұлының төрағалығымен кезекті аудандық әкімдік отырысы өткізілді.
Әкімдік отырысының күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімінің кеңесшісі Д.Нурпеисова «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тамыз айындағы жұмыс қорытындысы туралы баяндама жасады.
Баяндама барысында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоспарлы тапсырмаларына сәйкес жүргізілген мониторингтік іс-шаралар, оның ішінде азаматтарға тұрғын үй қорынан пәтер беру, «Бір қабатты Шығыс» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында салынып жатқан үйлердің сапасын бақылау туралы ақпарат жеткізілді.
Сонымен қатар, жобалық кеңсе дербес бөлімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға талдау және аудан әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің ҚР Әдеп Кодексін сақтауына мониторингтік жұмыстардың қорытындысы назарға ұсынылды.
Кеңсе басшысы мемлекеттік органдар басшыларының немесе өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамауы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 680-бабына сәйкес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салды.
Жалпы, әкімдік отырысында 1 баяндама және 6 ақпарат қарастырылды.