28.07.2021 жылы Катонқарағай аудандық сотында 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

28.07.2021 жылы Катонқарағай аудандық сотында 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Іс шара аудандық «Арай» газетінің өкілі Т.Самойлова және сот мамаңдарының катысуымен өткізілді.

Баспасөз-конференциясы сот органдарының беделін арттыруға, бұқараға әділ соттың қолжетімділігін, қамтамасыз етуге және халыққа заң нормаларын түсіндіру мақсатында өткізілді.

Сот төраға м.а. Н.С.Нурсапинов, қылмыстық, азаматтық  және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жеткен көрсеткіштерді атап өтті. Барлығы 2021 жылы 13 қылмыстық, 79 азаматтық, 52 әкімшілік істер қаралды. Татуласуға байланысты- 2 қылмыстық, 22 азаматтық және 10 әкімшілік істер қаралды.

 Сондай-ақ, Қазақстанда ақпараттық технологиялардың енгізуінің арқасында электронды сот төрелігі құрылды, бұл сот процессіне қатысушы тараптарына және барлық қызығушылық танытқан адамдарға интернет желілері ақпараттық жүйелер арқылы барлық қажетті құжаттарды және сот шешімдерін алуға мүмкіндік береді. Яғни, бұл өз кезегінде сотта іс жүргізуді оңтайландырып, оның қолжетімділігін, ашықтығын және жеделдігін арттырады.

Іс шара қорытындысында, сот төрағасы сот жұмысының алда қойған негізгі мақсаттарының бірі ол Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  заңын қолданумен қаралған істер санын көбейту екендігін атап өтті.

 

 

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.