Үлкен Нарын ауылында шұңқырларды жөндеу жұмыстарының қоғамдық мониторингі

Үлкен Нарын ауылында шұңқырларды жөндеу жұмыстарының қоғамдық мониторингі

Ағымдағы жылдың 21-22 шілдесінде әлеуметтік желілерде келіп түскен өтініштері негізінде «Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі Д.Нурпеисова Үлкен Нарын ауылының көшелеріне шұңқырларды жөндеу жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг жүргізу барысында конкурстық құжаттама, оның ішінде әлеуетті өнім берушінің құқықтылығы мен біліктілігін растайтын құжаттар және техникалық ерекшеліктер зерделенді.

Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдердің саны 3. Конкурс қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында тіркелген «Назгуль Толеукановна Назирова ЖК» жеңімпаз болып анықталды. Мердігермен шарт 19.07.2021 жылы жасалды. Шарттың жалпы жиынтық сомасы 3 750 000 теңгені құрайды. Өз кезегінде «ИП Назгуль Толеукановна Назирова» жеткізушісі «Строй-Е» ЖШС қосалқы мердігерімен шарт жасасты.

Жобалық кеңсенің басшысы Абай және Панфилов көшелерінде жүргізілген жұмыстармен танысты, онда осы көшелердің жекелеген учаскелері бойынша сапасыз жұмыстардың жүргізілген атап өтілді.

Сондай-ақ, Пушкин көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысу барысында, мердігер ұйым машиналар мен механизмдердің келесі түрлерін қолданды:

  • жылжымалы битум қазандығы;
  • бортты автомобилі (КамАЗ) және басқалары.

Сондай-ақ, жұмыста топырақты, оның ішінде асфальтбетон жабындарын қопсытуға және майдалауға, жол жабындарының жоғарғы қабатын фрезерлеуге (алып тастауға) және кейіннен қайта пайдалану үшін алынған материалды жинауға арналған жол фрезасы қолданылады. Бұл әдіс техникалық сипаттамаларда көрсетілген жылжымалы компрессорлар мен балғалардың орнына қолданылады.

Ауылдық округ әкіміне мердігер ұйымның анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды ерекше бақылауға алу ұсынылды.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін енгізілген ұсынымдарды орындау тұрғысынан қоғамдық мониторинг қайта жүргізілетін болады.