Өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына мониторинг

Өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына мониторинг

«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Д. Қаймоллаев, ЖК және АЖ, «Алтай Комхоз Сервис» КМК директоры Д. Китакбаев және Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Р. Ильясовтың  қатысуымен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізді.

Халық арасында ең өзекті мәселелердің бірі жазғы кезеңде судың жетіспеушілігі мәселесі болып табылады, оның негізгі себебі жеке үйлердің бағы мен бақшасын суару болып табылады. Қазіргі уақытта «Алтай Комхоз Сервис» КМК халықпен жұмыс жүргізуде, келісім-шарттар жасалуда, жеке үйлерге суды есептеу құралдарын орнату бойынша ақпараттандыру жүргізілуде. Ағымдағы жылы ЭЦВ-10 су қысымды сорғысы сатып алынды, автоматтың қуатын арттыру мақсатында жаңа кабельге тапсырыс берілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Көктерек ауылын сумен жабдықтау бойынша ағымдағы жағдай зерделенді, оның қорытындысы бойынша келесі жұмыс түрлері анықталды:

  • бар скважинаны тастардан тазарту/бұрғылау;
  • электр энергиясын жүргізу;
  • су құбырларын төсеу және басқалар.

Бүгінгі күні ауылдық округ әкімі жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, бюджеттік өтінім мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.

Катонқарағай ауданының халқын орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау деңгейі 2021 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша 83,3% - ды құрайды. Су құбырының жалпы ұзындығы 191 км.

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Ново-Хайрузовка, Аққайнар және Солдатово ауылдарында су құбырлары салынды, 2020 жылы Ново-Поляковка және Ақсу ауылдарында су құбыры желілері мен құрылыстарын реконструкциялау бойынша жобалар аяқталды

Ағымдағы жылы Свинчатка, Құндызды және Өрел (Р.Батырхановтың заставасы) ауылдарында блоктық-модульдік станциялар орнатылады, Солоновка, Арчаты, Топқайың ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту басталды, Шыңғыстай ауылында осы жұмыс түрі аяқталады.