Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде «Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізді.
13.07.2021 жылғы жағдай бойынша 6475 адамнан вакцинаның 1 компонентін 5929 немесе 97 %, 5775 адамнан вакцинаның 2 компонентін аудан халқының 3825 немесе 66% алды.
Айта кету керек, вакцинация паспортын сатудың алғашқы расталған жағдайы туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 5 мамырда айтқан болатын. Ол барлық құқық бұзушыларға қатаң шаралар қолданылатынына уәде берді. Үш аптадан кейін Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаланың екі емханасында жалған вакцинация паспорттарын сату фактілері расталғанын мәлімдеді. 14 маусымда ІІМ пандемия басталғаннан бері Қазақстанда ПТР-тесттерді қолдан жасау бойынша 28 қылмыстық іс және вакцинация паспорттарын сату бойынша 2 қылмыстық іс басталғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта ауданда вакцинация паспорттарын заңсыз сату фактілері тіркелген жоқ. Сонымен қатар, мониторинг жүргізуде жұмыстың неғұрлым сапалы және тиімді нәтижесі үшін денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қызметін бағалаудың әртүрлі әдістері мен құралдары қолданылатын болады. Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.