Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы 2021 жылы 23 шілдеде сағат 10.00-де Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесіндегі №102-үйде орналасқан Катонқарағай аудандық әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Депутаттарды тіркеу сағат 09.00-ден бастап жүргізіледі.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Алтынбел, Ақсу, Аққайнар, Белқарағай, Жамбыл, Катонқарағай, Коробиха, Ново-Поляковка, Ново-Хайрузовка, Солдатово, Үлкен Нарын, Өрел ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
- Катонқарағай аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- «Катонқарағай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы №3/28-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әртүрлі мәселелер.
Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Д.Бралинов