Әлеуметтік нысандардың (мектептер, балабақшалар, т.б.) күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг

Әлеуметтік нысандардың (мектептер, балабақшалар, т.б.) күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына мониторинг

22 маусымда «Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова аудан әкімінің орынбасары Ж. Сыдықова және білім бөлімінің басшысы Г. Кошеновамен бірлесіп, ауданның орта білім беру мекемелерінде мониторинг жүргізді.
2020 жылы 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, олар- Үлкен Нарын орта мектебі, Лицей, С.Ластаев атындағы орта мектебі және Е. Рыков атындағы орта мектебі. 16 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның 4 - уі «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында, бұл Юбилейное, Малонарым, Солоновка, Көктерек ауылдарының мектептері, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Ақсу, Белқарағай, Берел, Ново-Поляковка, Жұлдыз, Шыңғыстай, Алтынбел, Аққайнар, Қайыңды ауылдарындағы 9 мектеп. Жұмыстың жалпы сомасы 868 млн теңгені құрайды.
Ағымдағы жылы ауданда негізгі орта білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылмаған.
Қазіргі уақытта барлық мектептерде өз қаражаты есебінен косметикалық жөндеу жүргізілуде.