Жергілікті елді мекендердің тазалық жұмыстарына мониторинг (өзен жағалауы, көше бойы, канализация қақпақтарының болуы, т.б.)

Жергілікті елді мекендердің тазалық жұмыстарына мониторинг (өзен жағалауы, көше бойы, канализация қақпақтарының болуы, т.б.)

Бүгін «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова аудан әкімінің орынбасары Ж. Сыдықова, Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі Р. Ілиясовпен бірлесіп, аудан орталығының аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау, тазалауды ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында, шешімін талап етіп тұрған бірқатар мәселелер анықталды, атап айтқанда, орталық алаң бойындағы аллеяда қоршауларды сырлау, сондай-ақ «Тәуелсіздік» (Бәйтерек) гүлзарында және «Балбөбек» балабақшасының жанындағы аумақта қоқыстан тазарту және шөп шабу және т.б.
Ауылдық округ әкімдігіне оларды жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді, сондай-ақ жеке үйлердің, сондай-ақ заңды тұлғалардың ғимараттарына іргелес жатқан аумақты дербес санитарлық тазарту жүргізу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, жұмыс тобы «Алтайэнерго» шағын ауданында балалар алаңы құрылысының жоспарланған орнымен танысты. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер өткізілуде. Жобаның құны 32 млн теңге.
Өз кезегімізде, ауыл тұрғындарын саябақтардың, көпшілік серуендер мен басқа да көпшілік орындарда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз.
Аталған бағытағы жұмыстар жалғасатын болады.