Тұрғын үй құрылысына мониторинг

Тұрғын үй құрылысына мониторинг

Ағымдағы жылдың 8 маусымында «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ. Баубековамен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Г. Әбдірғалиевамен бірлесіп, «Алтайэнерго» шағын ауданындағы екі пәтерлі 10 үйдің құрылыс барысымен танысты.
1 үй құрылысының құны 11 200,0 мың теңгені құрайды, әр үйдің ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Жұмыстар 2020 жылдың қараша айында басталды.
Қазіргі уақытта құрылыс екі дердес инвесторлармен жүргізілуде, олар «Зайсан Строй Сервис» ЖШС және «DIZA Строй» ЖШС, құрылыс облыстық «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Осы шағын ауданда өткен жылы 10 екі пәтерлі үй пайдалануға берілді, ағымдағы жылы абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі - көшені жарықтандыру, балалардың бос уақытын өткізу аймағы - футбол алаңы және үлкен балалар спорттық - ойын алаңы.
Өз кезегінде, тұрғын үй сапасы «Қатонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тұрақты қоғамдық бақылауында болады.