Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Сall-орталығының бірыңғай нөмірін насихаттау акциясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Сall-орталығының бірыңғай нөмірін насихаттау акциясы

Катонқарағай ауылдық округінде 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Сall-орталығының бірыңғай нөмірін насихаттау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндеухаттар мен флаерлерді тарату акция өткізілуде.
Акцияға «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері қатысты. Ауылдық округте барлығы 1235 адам қамтылды.
«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерімен соқтығысу жағдайларында немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың еріксіз куәгері болған жағдайда іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктемелер берді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) келесі тәсілдердің бірімен жүгінуге болады:
-Пошта мекен-жайы бойынша жазбаша: 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 үй, немесе тұрғылықты жер бойынша Аймақтық департаменттерге;
-Egov.kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаның – ЭЦҚ болуы талап етіледі);
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша.