Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының төраға м.а. Г.Т.Кудербаева Катонқарағай ауылының мекеме өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп, кездесу барысында Қазақстан Рсепубликасы Әкімшілік Рәсімдік-Процестік кодексі туралы айтылды.
Г.Т.Кудербаева өз сөзінде ӘРПК әкімшілік орган (лауазымды адам) мен өзіне қатысты осы Әкімшілік органның заңда белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталғанын, «Әкімшілік рәсім» ұғымын түсіндірді, бұл әкімшілік актіні қабылдауға немесе әкімшілік әрекетті жасауға байланысты барлық әрекеттер екенін, әкімшілік рәсімнің нәтижесі әрқашан Әкімшілік акт немесе әкімшілік органның әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әрекеті (әрекетсіздігі) болып табылатынын, әкімшілік іс-әрекеттен айырмашылығы, ӘРПК арнайы талаптарды белгілейтінін айта келе, әкімшілік рәсімдердің негізгі кезеңдері, оның ішінде әкімшілік актілерге немесе іс-әрекеттерге шағымдану туралы толық түсіндірді.
Іс шара соңында төраға м.а.Г.Т.Кудербаева қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі