Автомобиль жолдарын жөндеу барысына мониторинг жүргізілді

Автомобиль жолдарын жөндеу барысына мониторинг жүргізілді

«Қатонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д. Нұрпейісова ұзындығы 0-14 км «Сөгір-барлық-Ақсу» автомобиль жолының орташа жөндеу барысымен танысты.

Жөндеу жұмыстарын «Катонқарағай ПДУ» ЖШС жүргізуде. Аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 350 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні жол конструкциясының негізін қалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, жобалық кеңсенің жетекшісі  «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катон-Қарағай» республикалық маңызы бар автожолындағы шұңқырларды жөндеу барысымен танысты.

Осы бағыттағы қоғамдық мониторинг тұрақты негізде жүргізілетін болады.