Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Катонқарағай ауданы әкімінің кеңесшісі, «Катонқарағай-Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Нурпеисова Ақсу ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Жұмыс барысында, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ жұмыста әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.

Ауылдық округ әкімдігінде, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін іс-шаралар жоспарын құру және жұмыс тобын бекіту тапсырылды.

Сонымен қатар, қызметшілердің сыйлықтар алуға қатысты, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар беруге теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған шектеулерді сақтау бойынша ұйымдастырушылық, түсіндіру және өзге де шаралар кешені жүзеге асыру ұсынылды.

Әкімдікте кірістер, мүлік туралы толық және сенімді мәліметтерді уақтылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және алдын алу бойынша шаралар қабылданды.