«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы»

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы»

2019 жылдың тамыз айынан бастап біздің мемлекетімізде «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» және «Ашық бюджеттер» жобалары іске асырылуда. Бұл порталдар ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс арнасын құру үшін құрылған.
Интерактивті карта нақты уақыт режимінде өңірдің әлеуметтік объектілерін салуға, жөндеуге және күтіп - ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді.
Картаның көмегімен кез-келген азамат аймақтың әлеуметтік нысандарына (мектептер, балабақшалар, клубтар және т.б.) қанша қаражат бөлінгенін біліп, бюджет шығындарын бақылай алады.
Сомалар келіспеген немесе сәйкес келмеген жағдайда азаматтар нақты бағыттарға қаражат бөлу жөнінде өз ұсыныстарын енгізуге құқылы.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» - бұл әрбір азамат үшін нақты уақытта қолжетімді сыртқы ресурста бөлінетін бюджет қаражатын көрсету және бақылау, шағымдар, пікірлер жинау және ақпаратты талдау үшін жалпыға қолжетімді сервис.
Осы интернет-ресурста мемлекеттік ұйым туралы мәліметтер: байланыс деректері, мекен-жайы, сипаттамасы, әртүрлі көрсеткіштері, статистикасы, құжаттамасы және т. б. бар.
Сондай-ақ, Катонқарағай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың бюджетін қарап, талқылай аласыз, бұл 17 мемлекеттік мекеме және 1 коммуналдық кәсіпорын.
Бұл жобада сіз бюджеттің атқарылуын, яғни бюджет қаражаты қандай да бір мемлекеттік органда немесе оның ведомстволық бағынысты ұйымында қандай мақсаттарға және қандай көлемде бағытталғанын қадағалай аласыз.
Катонқарағай ауданының 2021 жылғы 1 сәуірдегі шығыстары бойынша түзетілген бюджеті 8 млрд 921 млн 436 мың теңгені құрады.
Катонқарағай ауданының бюджет қаражаты есебінен 24 бюджеттік бағдарлама әкімшісі қаржыландырылады. Оның ішінде «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың 24 әкімшісі жалпы сомасы 8 564 894 мың теңгеге 2021-2023 жылдарға арналған өздерінің бекітілген бюджеттік бағдарламаларын орналастырды.

Құрметпен,
«Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі