«Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы

«Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  1 тоқсандағы жұмыс қорытындысы

7 сәуір күні аудан әкімі Қалиқан Ділдар Қалиқанұлының төрағалығымен, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аппараттық кеңес өткізілді.

Аппараттық кеңес барысында,  аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі,  «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Нурпеисова аталған жобалық кеңсесінің ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмысы туралы баяндама жасады.

Дина Ринатқызы,  өз баяндамасында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» порталына деректерді уақтылы және сапалы енгізу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары «2015-2025жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны», сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын іске асыруды ерекше бақылауға алу қажеттілігін атап өтті.