Көктемгі су тасқынына дайындық 

Көктемгі су тасқынына дайындық 

ШҚО ТЖД Катонқарағай ауданының ТЖБ жергілікті атқарушы органдары мен мамандары көктемгі су тасқынының биіктігіне әсер етуі мүмкін негізгі факторларға, атап айтқанда қар жамылғысының мөлшері мен топырақтың қату тереңдігіне тұрақты мониторинг жүргізеді.

"Қазгидромет" РМК филиалының ақпараты бойынша Шығыс Қазақстандағы қар жамылғысының биіктігі 7 см-ден 56 см-ге дейінгі аралықта орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында көп жылдық синоптикалық болжам бойынша облыс өзендеріндегі су тасқыны әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін жалғасады. Өзендердегі су деңгейінің көтерілу қарқындылығы және көлбеу ағындардың пайда болуы ауа температурасының күрт көтерілуіне және жаңбыр түрінде жауын-шашынға байланысты артуы мүмкін. Су айдындарының жанында заңсыз құрылысы бар аудандарда аса қауіпті жағдайлар қалыптасуда.

Су көтерілгеннен кейін ғимараттар су астында қалады, бұл су объектілерінің жанында рұқсатсыз салынған адамдарға материалдық шығындар әкеледі.

Катонқарағай ауданының ТЖБ халыққа қазірден бастап кеңес береді:

- аула аумағын қардан тазалау бойынша уақтылы жұмыстар жүргізу;

- үйлерге жақын орналасқан арықтар мен су өткізу құбырларын қалдықтармен және пеш күлімен ластамауға, оларды тазалауға;

- инертті материал және үй маңындағы аумақты қаптауға арналған қап дайындау.

ТЖ туындаған жағдайда "112"телефонына қоңырау шалыңыз.

Катонқарағай ауданының ТЖБ