Білім беру мектептері мен балалар үйлерінің қамқоршылық кеңестерінің жұмысына мониторинг жүргізу

Білім беру мектептері мен балалар үйлерінің қамқоршылық кеңестерінің жұмысына мониторинг жүргізу

«Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі , аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Д.Нұрпейісова «Көктерек орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің қызметіне мониторинг жүргізді.
Жұмыс барысында Кеңестің 2 жаңа мүшесі сайланды, «Жүректен жүрекке» акциясын өткізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастыру бөлігіндегі кемшіліктер атап өтілді, тиісті ұсыныстар берілді.
2021 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша Катонқарағай ауданының білім беру ұйымдарында 36 (100%) Қамқоршылық кеңестер құрылды.
Қамқоршылық кеңестердің қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен реттеледі.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді.
Ауданда балалар үйлері жоқ.