«Отбасы құндылықтарын қорғау»

«Отбасы құндылықтарын қорғау»

2021 жылдың 4 наурызында Катонқарағай аудандық соты онлайн режимде «Отбасы құндылықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізілді. 

Катонқарағай аудандық сотында отбасы дауларын қарау кезіндегі неке шарты институтын насихаттау аясында аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Отбасы құндылықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс шараны төраға м.а. Н.С.Нурсапинов ашып, отбасы деген ол қоғамның іргетасы, егемен елдің негізі екендігін атап өтті. Неке  – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Неке шартының институты отбасылық қарым-қатынастарды қолдайтын шаралардың бірі. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңның 39 бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін. Неке шарты тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш берілген күннен бастап неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркелгенге дейін де, некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылатындығы туралы айтты.

Семинар соңында қатысушылар неке-отбасы заңнамасына қатысты  сұрақтар талқыланып, оларға сот тарапынан жауап беріліп ұсынымдар берілді.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.