Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен «IT технологиялар туралы» тақырыбында халықпен кездесу өткізілді

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен «IT технологиялар туралы» тақырыбында халықпен кездесу өткізілді

Аталған шарада соттың аға сот приставы Ж.Хамитов, «Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистеріне және көрсететін қызметтеріне қол жеткізетін жалғыз терезе екенін айтты. Осы арқылы интернет желісі арқылы әр азамат соттың барлық сатыларына өтініш пен арызды электрондық түрде жібере алады, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, сот құжатын, сондай-ақ істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалдық мерзімдерін де қарай алады. «Сот кабинеті» сервисі арқылы тұтынушылар электронды өтініштердің көптеген түрін жібере алады. Сонымен қатар, мобильді нұсқасының да халық арасында танымалдығы артып келеді, «Виртуалды сот» жобасы аясында іске қатысушы тараптар сот мәжілісіне онлайн қатысады. Ол үшін соттан сәйкестендіру туралы растамасын алып жүйеге қосылғаны ғана қажет. Осылай кез келген процеске, шет елде жүріп те қосылуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, бүгінгі күні барлық істер үн, -бейне жазбаларын қолданумен қаралатынына да тоқталды, бұл іске қатысушыларды, соның ішінде судьяларды да тәртіпке шақырады. Үн,-бейне жазбасы сот процестерін бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықта қарауға да мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан аумағын ескере келе қолдануда өте ыңғайлы. Енді тарапқа, куәға немесе сарапшыға сотта іс қарауға қатысу міндетті емес. Процеске БКБ (ВКС) арқылы қатысу үшін сотқа өтінім келтіру қажет, жақын маңдағы сот оның жеке мәліметтерін бекіткен соң қосылу жүргізеді. Тұтынушылар бұл жүйелердің ыңғайлылығын ғана емес, сот жүйесіндегі жеделдігін, сонымен қатар уақыт және қаражат үнемделетінін бағалады. «Сот актілер банкі» жүйесі де іске қосылған. Бұл жүйе арқылы іске қатысушылар мен өкілдері сот актілеріне қол жеткізе алады, кейбір құқықтық шектеулер қойылған сот актілерін санамағанда. Сот жүйесін дамыту, соның ішінде «Сот актілер банкін» дамыту және сот қызметтерін бағалаудың 4 түрлі есебін жариялау республика көрсеткіштерін халықаралық рейтингтерде көтерді. Сот қызметіне жаңа электронды сервистерді енгізу бойынша үнемі жүргізілген жұмыстар, заманауи технологияларды сотта қолдану қанағаттанарлық көрсеткіштер берді, басқа да перспективалық бағыттар бойынша тиімділігі мен ары қарау даму мүмкіндігін айқын көрсетті.

Катонқарағай ауданының №2
аудандық соты