Қауіпті Улы Газ

Қауіпті Улы Газ

Катонқарағай ауданының ТЖБ атап өткендей, улы газды сезіну өте қиын, өйткені оның түсі де, иісі де жоқ. Улануды болдырмау үшін пеш жабдықтарының және желдетудің жай-күйін үнемі қадағалау қажет. Пешті қолданар алдында сорғышты әрдайым тексеріп, мұқият жағу керек.
Катонқарағай ауданының ТЖБ улы газдан қорғаудың басты тәсілі негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау болып табылатынын еске салады, атап айтқанда:
- қатты отын пештерін пайдалану кезінде пештің қалыпты тарту күші үшін түтіндікті жаппаңыз;
- түтіндік пен пешті жиналып қалған күйеден (кемінде екі айда бір рет) мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет);
- жанып жатқан жылыту пештерін қараусыз қалдыруға болмайды;
- отын пештен тыс шыққан жағдайда оны тұтатпауға ;
- пештің түтіндігін уақтылы жөндеу.
Сақ болыңыз!

Катонқарағай ауданының ТЖБ