24.02.2021 жылы Катонқарағай аудандық сотында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізді

24.02.2021 жылы Катонқарағай аудандық сотында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізді

Іс-шараға судьялар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері қатысты.
Сот төрағасының м.а. Н.С. Нурсапинов дөңгелек үстел жұмысын ашып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуге арналғанын түсіндірді.
Сонымен қатар, кодекс әкімшілік рәсімдермен және жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, кодекс азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітетінін, сондай-ақ дауларды жоғары тұрған органдар мен сот билігі органдары қараған кезде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілейтінін атап өтіп, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізудің негізгі міндеттері, әкімшілік процеске қатысушылардың құрамы, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері, әкімшілік рәсімді қозғау тәртібі, істерді қарау тәртібі жайлы айтып берді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір бөлісті.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.