2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамту жол картасы" жобаларының мониторингі

2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамту жол картасы" жобаларының мониторингі

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында "Катонқарағай-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі 2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамту Жол картасының" шеңберінде жобаларды іске асыру, атап айтқанда Малонарым ауылындағы клубтың ағымдағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Жобаны іске асыру 2020 жылдың шілдесінде аяқталды. Мердігерлік ұйымы "Builder Gold" ЖШС-і, жобаның жалпы сомасы 28 500,0 мың теңге құрады. Жергілікті сметаға сәйкес ауылдық клубтың шатырына жөндеу жұмыстары, есіктер мен жалюздер орнату, электр құралдарын ауыстыру, ішкі және сыртқы әрлеу және басқа да жұмыстар жүргізілді.

Барлығы ауданда Жұмыспен қамту Жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру мақсатында 2020 жылы Катонқарағай ауданы бойынша 921 672,5 мың теңге сомасына 27 жоба іске асырылды, оның ішінде:

Білім беру саласында 213 764,0 мың теңге сомасына 9 жоба бар;
Мәдениет саласында 115 863,0 мың теңге сомасына 4 жоба бар;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 42 830,0 мың теңге сомасына 1 жоба;
Елді мекендерді абаттандыру саласында 62 500,0 мың теңге сомасына 3 жоба;
Туризм саласында 28 980,5 мың теңге сомасына 5 жоба бар;
Спорт саласында 11 121,0 мың теңге сомасына 1 жоба;
Инженерлік-көліктік инфрақұрылым саласында 234 911,0 мың теңге сомасына 3 жоба;
Тұрғын үй құрылысы саласында 211 703,0 мың теңге сомасына 1 жоба.

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру кезеңінде 391 орын жоспарымен 410 уақытша жұмыс орны құрылды. Жоспарланған 33 орынның орнына 33 тұрақты жұмыс орны құрылды.