Шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен семинар өткізілді

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен семинар өткізілді

Мемлекеттік органдары қызметінің басым бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады және мемлекет тарапынан ШОБ субъектілеріне жан-жақты мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.

Осы бағытты іске асыру мақсатында 2021 жылғы 23 ақпан күні Катонқарағай ауылында Аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшылары шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша, сондай-ақ "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы және "Ақниет" аймақтық бағдарламасы бойынша ауданда несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсібі өндірісін кеңейту үшін кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау мәселесі бойынша семинар өткізді.