
1997 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен "Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) Жарғысына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Заң қолданысқа енгізілді. Біздің еліміз осы беделді халықаралық ұйымның толық құқықты мүшесі болды, оның қызметінің негізгі бағыттары – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы түрлі елдердің үкіметтік органдарының күш-жігерін үйлестіру.
Жыл сайын Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні белгілі бір ұранмен атап өтіледі. Облыстардағы Азаматтық қорғаныс басқармалары ТЖ департаментінің ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелерінде өткізілетін іс-шаралардың тұтас кешенін әзірледі.
Бұл интерактивті сабақтар, авариялық-құтқару техникасының көрсетілімімен өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару бөлімшелеріндегі "ашық есік күндері", сондай-ақ кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізу объектілеріндегі ТЖ қызметкерлерінің кездесулері мен сөз сөйлеулері.
Катонқарағай ауданының ТЖБ