Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтардың негізгі жүгінген мәселесі жұмысқа орналасу болды. Сонымен қатар, тұрғындар жер, баспана алу, тұрғын үй, мәселесі бойынша, әлеуметтік көмек алу, жер және құрылыс мәселелері бойынша жүгінді.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелердiң заңдылығына сәйкес, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.
Қабылдау қорытындысы бойынша тұрғындар мәселесіне қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.