Дәрілік препараттар қорының мониторингі

Дәрілік препараттар қорының мониторингі

Шығыс Қазақстан облысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің және «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәрі-дәрмектерге негізсіз бағаның көтеруін анықтау және дәрі қорының жеткілікті болуын бақылауда ұстап отыр.
Осы орайда «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дина Нурпеисова Катонқарағай ауылында №2 аудандық ауруханад дәрі қорының жеткілікті болуына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мониторринг барысында, антибиотиктер, вирусқа қарсы және ыстық түсіретін дәрілік препараттардың, сонымен қоса медициналық бұйымдар- бетперделер, қолғаптар және антисептиктердің жеткілікті көлемде екендігіне көз жеткізді.
Сонымен қоса, жобалық кеңсе жетекшісі медициналық мекеменің қажетті оттегі концентраторлары, өкпені жасанды желдету және тағы да басқа кажетті құрал-жабдықтармен жабдықталғанына назар аударды.
Егер ауруханаларда коровирустан емделуге берілетін дәрі-дәрмектертер тегін берілмеген жағдайда немес дәріханаларда олардың бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз, төмендегі нөмерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз.
жемқорлыққа қарсы Call-center 1424 қоңырау шалу немесе жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет +7 702 000 24 94 («Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 («Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі), 8 707 303 0493(«Катонқарағай– Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі)