Катонқарағай ауданы әкімінің хаттамалық шешімін орындау мақсатында аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Катонқарағай-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Нурпеисова жұмыс тобының құрамында Үлкен Нарын ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін зерттеу бойынша жұмыс жүргізді.
Жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ жұмыста әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.
Ауылдық округ әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді;
Қызметшілердің сыйлықтар алуға қатысты, оның ішінде қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар беруге теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған шектеулерді сақтауы бойынша ұйымдастырушылық, түсіндіру және өзге де шаралар кешені жүзеге асырылды;
Кірістер, мүлік туралы толық және сенімді мәліметтерді уақтылы ұсыну бойынша жұмыс ұйымдастырылды және жүргізілді;
Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және алдын алу бойынша шаралар қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі дамыту және тиімділігін арттыру мақсатында ұсынылды:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының іс-шараларын орындау.
• Құқық қорғау органдарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша оқыту семинарларын, "дөңгелек үстелдер" өткізу.