📌Бүгін Халықаралық "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні" аясында, "Катонқарағай-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен ұйымдастырылған онлайн конференцияға кеңсе жетекшсі Д.Нурпеисова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ғ.Кошенова және «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелері мен жетекшілері қатысты.
🔰Қазіргі таңда ауданда 34 "Саналы ұрпақ" клубы жұмыс жасайды, оның құрамында 136 мүше бар. Ал, мектеп белсенділерінің басын біріктірген "Адал ұрпақ" клубында 262 мүше тіркелген. Конференцияны өткізудегі басты мақсат - жас ұрпақтың азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кеңірек білім алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
📌Конференцияда аталған клуб жетекшілерінің, сондай-ақ білім беру бөлімінің басшысы Ғ.Кошенованың «Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және оқу орнында академиялық адалдық қағидатын енгізу» тақырыбы бойынша баяндамалары тыңдалды.
🔰Келесі сөз кезегін алған спикер "Катонқарағай-Адалдық алаң" жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Нурпеисова жастарды адалдық пен адалдыққа тәрбиелеу - қазіргі заманғы білім берудің, әрбір азаматтың, өскелең ұрпақтың тұлғасында құрметті қоғамды қалыптастырудың басым міндеттерінің бір екендігін, «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ерекше орын алатынын, олардың мақсаты мектеп оқушылары мен студент жастарда адалдық, әдептілік, патриоттық сияқты құндылықтарды қалыптастыру болып табылатынын айтып өтті.
📌Конференция барысында Катонқарағай ауданы бойынша«Адал ұрпақ» ұйымдарының жетекшілері әдептілік, патриоттық сияқты құндылықтарды дәріптер туралы өз ойларын ортаға салды.