Катонқарағай ауданында қонақ үй қызметін көрсетумен айналысатын 66 орналастыру орындары тіркелген. Оларда барлығы 180 адам жұмыс атқарады, 47 адам маусымдық жұмыскерлер. Орналастыру орындарында 432 номерлер бар, олардың 48 «Люкс» санатында, «Стандарт» санатындағы номерлер саны 282, жайлы емес номерлер саны 102. Ағымдағы жылдың қаңтар- маусым айлары аралығында 11 256 адамға 483 624,0 мың теңгенің қызметі көрсетілген.