«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы рейдтік жұмыстар жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы рейдтік жұмыстар жалғасуда

Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында табиғатты қорғау инспекторларының қатысуымен абаттандыру қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейд барысында елді мекен аумағының санитарлық тазалығы, жасыл желектерді күтіп ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және абаттандыру талаптарының орындалуы тексерілді.

Таза әрі көрікті қоршаған ортаны қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға және туған өлкеміздің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.

🌱 Таза Қазақстан – өзімізден басталады! ♻️