Жыл сайын 18 қараша бүкіл әлемде өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күрес күні ретінде атап өтіледі

Жыл сайын 18 қараша бүкіл әлемде өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күрес күні ретінде атап өтіледі

Жыл сайын 18 қараша бүкіл әлемде өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күрес күні ретінде атап өтіледі. Бұл ауру халықтың аурушаңдығы пен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Аурудың себептері темекі шегу, кәсіптік факторлардың ұзақ уақыт әсер етуі (шаң, химиялық тітіркендіргіштер, бу) және ауаның ластануы.

СОӨА емделмейді, бірақ дұрыс күтіну тәсілі аурудың әрі қарай дамуын баяулатуы мүмкін. Сондықтан, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына қарсы дүниежүзілік күн аясында СОӨА туралы хабардарлықты арттыру және науқастарға күтімді жақсарту бойынша шаралар қабылдануда.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ШҚО бойынша филиалы