«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

Катонқарағай ауданында дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды.

Ауданымызда өзгелерге үлгі болатын, тағылымды тарихы бар отбасылар бар. Баршаңызды осы маңызды әрі ізгі байқауға қатысуға шақырамыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз көпшілікке шабыт сыйлайтыны сөзсіз. 

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді 15 мамырдан 15 маусымға дейін аудандық комиссия қабылдайды. Байқау екі кезеңде өтеді. Конкурсқа қатысушыларды іріктеу отбасылар тапсырған құжаттары негізінде жүргізіледі.

  1. Аудандық кезең (15 мамырдан 30 маусымға дейін).
  2. Облыстық кезең- 30 маусымнан 15 шілдеге дейін. Аудандық және облыстық кезеңдерге қатысқан отбасыларына марапат және бағалы сыйлықтар беріледі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Өтінімді Катонқарағай ауылы, К.Жампейісов көшесі, 19/1 үйдегі аудан әкімдігінің ғимараты, 101 бөлмеге әкелуге немесе электрондық түрде тапсыруға болады, байланыс телефон нөмірі 8/702-302-5785.

Негіздеме: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысы.