«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізудің үлгілік ережелеріне сәйкес, «Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2026 жылдың 01 маусымынан бастап ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жүргізе бастайды. Ішкі талдауды ауылдық округ әкімдерінің аппараттары және аудан әкімінің барлық дербес бөлімдері жүргізеді.
Талдаудың мақсаты - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ мемлекеттік органның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Талдау барысында мыналар қарастырылады:
- ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет;
- ішкі процестер мен рәсімдер;
- нормативтік құқықтық және ішкі актілер;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім басқа да қызмет салалары.
Мүдделі тараптар сыбайлас жемқорлыққа қатысты ұсыныстарын, пікірлерін және ақпараттарын келесі электрондық пошта мекенжайына жібере алады: katonkaragay@akimvko.gov.kz
немесе 87751769174 ұялы телефоны арқылы.
Талдауды аяқтау күні: 2026 жылғы 1 шілде.