26 ақпанда ағымдағы жылы Өскемен қаласында Катонқарағай ауданының туризм саласындағы әлеуетті инвесторларымен кездесу өтті.

26 ақпанда ағымдағы жылы Өскемен қаласында Катонқарағай ауданының туризм саласындағы әлеуетті инвесторларымен кездесу өтті.

Іс-шараға 11 кәсіпкер, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Damu» қоры, Қазақстанның Даму Банкі, «Ertis» ӘКК өкілдері, сондай-ақ туризм, кәсіпкерлік және жер қатынастары саласының мамандары қатысты.

Кездесу барысында басым жер учаскелерін заттай грант түрінде ұсыну, жердің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру тетіктері, мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар ауданның мастер-жоспары таныстырылды.

Катонқарағай ауданы туризм саласындағы инвестициялар мен жаңа жобаларға ашық.

#Катонқарағай #Туризм #Инвестиция #ШҚО #ӨңірдіДамыту