✨ «Отбасы – тәрбие бесігі» атты дөңгелек үстел өтті

✨ «Отбасы – тәрбие бесігі» атты дөңгелек үстел өтті

25 ақпанда Әжелер алқасының ұйымдастыруымен көпбалалы аналардың қатысуымен отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттауға арналған мазмұнды кездесу өтті.

Кездесуде:
🔹 көпбалалы отбасындағы тәрбие
🔹 ұлттық салт-дәстүрдің маңызы
🔹 әже мен ана тәрбиесінің ерекшелігі
🔹 қазіргі заман тәрбиесінің қиындықтары
🔹 қыз бен ұл тәрбиесі

сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Әжелер өнегелі әңгімелер айтып, батасын берді. Үш буынның бірлігі – тәрбиенің берік негізі екені атап өтілді.

👵 Әжесі бар үй – қазыналы үй.
🤱 Анасы бар үй – мейірімді үй.
👶 Баласы бар үй – берекелі үй.