Бүгін Катонқарағай ауданының Коробиха ауылында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Бүгін Катонқарағай ауданының Коробиха ауылында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Д. Төлебаев және кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Д. Асқарова қатысты.

Кездесу барысында бағдарламаның мақсаты, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған негізгі тетіктері, жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары мен қатысу шарттары жан-жақты түсіндірілді.

Тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен бағдарламаға қатысу алгоритмі егжей-тегжейлі баяндалды.

Аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.