Катонқарағай ауданында жаңа аудан әкімінің орынбасары тағайындалды — Фархат Құсайынов.

Катонқарағай ауданында жаңа аудан әкімінің орынбасары тағайындалды — Фархат Құсайынов.

Аудан әкімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы өкіміне сәйкес, 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап Фархат Құсайынов жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария және кәсіпкерлік мәселелері бойынша аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Фархат Құсайынов 1978 жылғы 21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастаған. Қатардағы қызметкерден бастап басшылық лауазымдарға дейін көтеріліп, мүліктік қылмыстарды және жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бағытындағы бөлімшелерде қызмет атқарған.

Кейіннен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде еңбек етіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бағытында жұмыс жүргізді. Алматы және Жетісу облыстары кәсіпкерлер палаталарының филиалдарын басқарған. Депутаттық қызмет тәжірибесі бар.

2025 жылғы қарашадан 2026 жылғы ақпан айына дейін Катонқарағай ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Бұл тағайындау аудан үшін маңызды бағыттарды — аграрлық секторды, жер қатынастары мәселелерін және кәсіпкерлікті дамытуды қамтиды.

Фархат Құсайыновқа Катонқарағай ауданының игілігі жолында табысты әрі нәтижелі қызмет тілейміз.