Өшпеген күл өрттің шығуына себеп болуы мүмкін

Өшпеген күл өрттің шығуына себеп болуы мүмкін

Катонқарағай ауданының аумағында 2020 жылдың 28 қазанында пештен шыққан күлмен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу себебінен өрт болды.
Өрт Ново-Поляковка ауылында орын алды Өрт сөндірушілер келген уақытта жалпы ауданы 4 м2 болатын жеке тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының жанғанын анықтады. Өрттің себебі қабырға құрылымының қамыс негізінің ыстық көмір күлінің термиялық әсерінен жануы болды. Өрттің мән-жайын анықтау барысында үй иесі кешке жаққан пешті, күлден таңертең тазартқаны анықталды. Содан кейін күл аулаға шығарылып, тұрғын үйдің қабырғасының жанына төккен. Үй иесі күлді суытып, ешқандай қауіп төндірмейді деп ойлады. Нәтижесінде тұрғын үйдің сыртқы қабырғасы өртенді. Жергілікті халықтың қырағылығының арқасында өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін сөндірілді. Өрттің шығу себебі тағы да адам факторы болып отыр.
Құрметті азаматтар! Өрт қауіпсіздігі қағидаларында қойылатын талаптарды еске саламыз : құрамында қыздырылған және бықсыған материалдар бар күл мен шлак оттықтан шығарылғаннан кейін өрттің шығу мүмкіндігін болдырмайтын, осы үшін арнайы бөлінген жерге шығарылады және оларға су құйылады ("өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 Қаулысының 17-6 тармағы).
Осылайша, пеш оттықтарынан күлді жанғыш орта жоқ жерлерге шығару қажет, бұл ретте оның жылу әсерінің бар-жоғын міндетті түрде тексеру қажет, ал басқаша айтқанда, күл суық болуы тиіс. Бұл ережені елемейтін тұрғындар бар, олар үйлер мен моншалардың пештерінен шыққан күлді картон қораптарға, ағаш қораптарға, металл шелектерге салып, оларды ағаш едендерге қалдырып, өздерін және жақындарын өлімге душар ететінін білмейді.

Катонқарағай ауданының ТЖБ