Полиция қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізілді

Полиция қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізілді

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, олардың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында «Катонқарағай – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Нурпеисова қоғамдық топ мүшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес  Катонқарағай ауданында қалааралық, жергілікті аумақтарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлікті тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде өз қызметін қолданыстағы заңнаманың шеңберінде тіркемей жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында, Катонқарағай АПБ қызметкерлерімен 2020 жылдың қазан айының 21-23 күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында видеожетондарының пайдалануына мониторинг жүргізді.

Полиция қызметкерлерімен бірге жол ережесін бұзу фактілері бойынша Үлкен Нарын ауылының орталық көшелерінде рейд барысында құқықбұзушылық фактілері анықталып, көлік иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Мониторинг барысында жобалық кеңсе жетекшісі видеожетондардың жұмыс істеуіне, олардың дұрыс қолданылуына назар аударды.