Катонқарағай ауданының ТЖБ Катонқарағай АПБ бірлесіп жем-шөпті сақтау орындарында рейдтер өткізді

Катонқарағай ауданының ТЖБ Катонқарағай АПБ бірлесіп жем-шөпті сақтау орындарында рейдтер өткізді

Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жауапты және шешуші кезеңдерінің бірі-ірі жем дайындау және сақтау. Бұл кәсіпорындардың жыл бойына жұмыс қабілеттілігі осыған байланысты.
Катонқарағай ауданының аумағында орналасқан жем-шөп дайындау және сақтау орындарында өрттердің алдын алу мақсатында Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері Катонқарағай АПБ-мен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында қызметкерлер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлеріне қатаң бақылау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Тексеру жүргізу кезінде осы объектілердің алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуына, қойма ғимараттарына іргелес аумақты уақтылы тазалауға, минералдандырылған жолақтардың болуына, өртке қарсы режимді сақтауға ерекше назар аударылды және объектілер басшыларына анықталған өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді.
Аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта болуы қажет. Көрсетілген қашықтықта ірі жем-шөптердi жинау мүмкiн болмаған кезде, жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтық 5 метрге дейiн қысқартылады.
1) қоралар мен басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырларына жинауға;
2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына жинауға;
3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта жинауға;
4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмелелерді, маяларды, сабан және басқа да iрi жем-шөптердi орналастыруға жол бермеңіздер!!!
Iрi жем-шөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
Iрi жем-шөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады.
Iрi жем-шөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.

Катонқарағай ауданының ТЖБ