
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымыздағы Желтоқсан оқиғасының ардагерлерін арнайы шақырып, құрмет көрсетіп, жүректен шыққан жылы лебізімізді жеткіздік. Кездесу достық пен ықыласқа толы рухани атмосферада өтті. Ардагерлер сол бір тарихи кезеңнің естеліктерімен бөлісіп, ел тәуелсіздігі жолында төгілген тер мен қайсарлықтың мәнін тағы бір мәрте терең сезіндірді. Сондай-ақ ауданымызда жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мен алдағы жоспарлар жөнінде де пікір алмасып, мазмұнды әңгіме өрбіді. Бұл кездесу бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тағылымды шара болды.