Дәрі бағалары қоғамдық бақылауда

Дәрі бағалары қоғамдық бақылауда

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні «Катонқарағай-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі бастаған​ мониторингтік топ мүшелері аудандағы дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмектердің  бағасына, қолжетімділігіне, қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізді.

Дәріханалардың алдында үлкен кезек байқалмады. Мониторинг барысында қоғамдық  бақыдау тобының мүшелері пандемия салдарынан тұрғындар арасында көп сұранатын ыстық түсіруге арналған және вирусқа қарсы препараттардың, медициналық бұйымдардың ​ дәріхана сөрелерінде бар және бағасы қолжетімді екендігіне көз жеткізді.

Дәріхана сатушыларына тұрғындардың нысанға санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекпен бір-бірден кіру керектігін түсіндіріп, аталған санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін, дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне, негізсіз қымбаттауына жол бермеу керектігін, ал, тұрғындарға «кассалық чекті» талап ету қажеттілігі түсіндірілді.

Аталған қоғамдық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады.