Оқу процесі  және қашықтан оқытудың сапасы қоғамдық бақылауда

Оқу процесі  және қашықтан оқытудың сапасы қоғамдық бақылауда

Бүгін "Катонқарағай-Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі мен өкілдері аудан орталығының орта білім беру мекемелерінде оқу процесіне және қашықтан оқытудың сапасына мониторинг жүргізді.Қоғамдық бақылау барысында білім беру мекемелері барлық дезинфекциялық құралдарымен қамтамасыз етілгені айқындалды.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ қажеттілік бойынша мектептің басқа да оқушыларына 165  компьютерлер мен ноутбуктер  уақытша пайдалануға берілді.

Жобалық кеңсе өкілдері уақытша пайдалануға берілген  компьютерлік техниканың жұмыс қабілеттілігін тексеріп, талаптарға сай екенін растады.

Ауданда барлығы 3272 оқушы контингентімен 36 жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп жұмыс істейді.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап толық жинақталған 3 мектеп қашықтықтан білім беруде. Бұл мекемелерде барлығы 996 бала білім алуда,  оның ішінде 48 кезекші сыныптарда 453 бала және қашықтықтан 543 бала оқытылады.Штаттық режимде 2279 оқушы контингентімен 33 шағын жинақты мектеп бар.Сонымен қатар, а.ж. қосымша 32 ноутбук сатып алуға жергілікті бюджеттен 4480 мың теңге бөлінді.

Егер балалардың біреуіне компьютер қажет болса, немесе қашықтан оқытуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда  білім бөлімінің call-орталығына 8 (72341) 2-13-92 нөмірі бойынша  хабарласуларыңызға болады.