Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды.
Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған. Айта кетейік, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған және оны төлеу күнінен кеш есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімақылар есептен шығарылады.
Салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу есептеншығарудың басты шарты болып табылады. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.
2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде төленуі қажет 2019 жылғы мүліксалығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер қосылмайды.
Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылған.
Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматы түрде есептен шығарылады.
Катонқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы