Катонқарағай ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп жөніндегі кодекстің талаптарын түсіндіру, әдеп нормаларын сақтау мәдениетін арттыру және мемлекеттік қызметтің беделін көтеру мақсатында арнайы форум ұйымдастырылды.
Форумның президиумында:
Беккужина Мира Есенғазықызы – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі;
Кенчимбаев Болат Нұрахметұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы;
Буқанова Жанар Қалиқанқызы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының директоры болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің әдептілік қағидалары мен мінез-құлық стандарттарын сақтау, қоғаммен өзара қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Баяндамашылар мемлекеттік қызметтің имиджін көтерудің, халықтың сенімін арттырудың және кәсіби этиканы нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға практикалық мысалдар келтіріліп, Әдеп жөніндегі уәкіл институтының жұмысы түсіндірілді.