2025 жылғы 21 тамыз күні Катонқарағай ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.
Акция барысында ауыл көшелері мен елді мекен маңы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық шараға барлық мекемелер белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.