Катонқарағай аудандық соты «Қарттар күніне» орай сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Катонқарағай аудандық соты «Қарттар күніне» орай сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Жыл сайын 1 қазанда «Халықаралық қарттар күні» бүкіл әлем атап өтеді.
1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен «Халықаралық қарттар күнін» мерекелеу туралы шешім қабылданды. Содан бері аталған мейрам әлемнің барлық елінде аталып өтіледі.
Катонқарағай аудандық сотында өз ардагерлерін жыл сайын құттықтау дәстүрге айналып отыр.
Бұл жарқын мейрамда «Қарттар күні» Катонқарағай аудандық соты 35 жылдан астам адвокаттық қызметпен айналысып жүрген Б.К. Құсаинованы және 10 жылдан аса сотта жүргізуші болған А.В.Миллерді құттықтады.
Катонқарағай аудандық сотының төраға м.а. Н.С.Нурсапинов Бағила Карамановнаны құттықтап зор денсаулық, отбасына береке барлық жақсылықты және ұзақ ғұмыр тіледі. Кеңсе меңгерушісі Э.К. Жансултанова Анатолий Владимировичты ұжым атынан естелік сыйлық сыйлады.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.