Бүгін Катонқарағай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің және аудандық әжелер алқасының кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Жакитов пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Жақсылықова қатысты.
Отырыста аудан көлемінде жоспарланған алдағы іс-шаралар талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар ардагерлермен жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыру, олардың демалысын ұйымдастыру мәселелері де қарастырылды.
Жиын барысында туған күніне орай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қызыр Жәнібекке аудан әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлығы табыс етілді.