✅2025 жылғы 22 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша Өрел ауылдық округінің әкімі болып Шарыпов Марат сайланды. Бүгін округ әкімі лауазымына ресми түрде тағайындап, жаңа қызметіне кірісуіне сәттілік тіледім.
Сонымен қатар, осы уақытқа дейін аталмыш округті ұзақ жылдар бойы абыроймен басқарып келген, 18 жыл ауыл әкімі қызметін атқарған Көбешев Еркін Әмейұлын зейнет демалысына құрметпен шығарып салдық.
Еркін Әмейұлына ауылды дамытуға қосқан өлшеусіз еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдірдім.